АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбатты жоғары бағалады.
Еуразия Тудейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Дональд Трамп Владимир Путинмен екі сағатқа созылған телефон әңгімесі туралы Truth Social желісінде жазды.
Трамптың айтуынша, Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздер жақын арада басталады.
Айта кетейік, АҚШ Президенті Дональд Трамп кеше, дүйсенбі күні Владимир Путинмен Украинадағы қақтығысты тоқтату мәселесі бойынша телефон арқылы сөйлесіп, келіссөз жүргізді.
Путин тілшілерге Трамппен екі сағаттан астам уақыт әңгімелескенін айтты.
Бұл Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі басталғалы Владимир Путинмен телефон арқылы үшінші рет сөйлесуі. Мұның алдында екі ел президенттері ақпан және наурыз айларында сөйлесті.












