Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан астанасы Будапештке келді.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, мамырдың жиырмасы күні Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Будапештке келді.
Мемлекет басшысы бүгін Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізеді.
Айта кетейік, Ақорда баспасөз қызметі кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 20-21 мамыр күндері Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Мажарстанға баратынын хабарлаған болатын.












