АҚШ-тың бірқатар қаласында Дональд Трамптың көші-қон саясатына қарсы наразылық үдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшілігінің көші-қон саясатына қарсы Лос-Анджелестегі наразылықты басу үшін қалаға Ұлттық гвардияның 2 мыңға жуық сарбазы жіберілген уақытта АҚШ-тың Бостон, Сан-Франциско, Даллас, Чикаго, Атланта, Тампа және Хьюстон, сондай-ақ Нью-Йорк сияқты қалаларында жаппай наразылық басталды.
Нью-Йорктегі Көші-қон және кеден қызметінің федералды ғимаратының алдында жүздеген адам Трамп әкімшілігінің мигранттарға қатысты саясатымен келіспейтінін айтып, наразылық шеруін өткізді.
Қолдарына плакаттар ұстап, ұрандар айтқан наразылар департаментті мемлекеттен шығаруды талап етті.
Калифорния штатында орналасқан Лос-Анджелесте бірнеше күн қатарынан қала тұрғындары мен Көші-қон және кеден қызметінің федералды агенттерінің (ICE) арасында қақтығыс болып жатыр.
Лос-Анджелесте наразылар 6 маусым күні АҚШ-тың Көші-қон және кедендік бақылау қызметінің рейдтеріне қарсы шықты.

















