Ислам революциясының жетекшісі аятолла Әли Хаменеи сионистік режимге қатаң жазаны күтуді бұйырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Израиль бүгін таңда Иранға шабуыл жасағаннан кейін ислам революциясының қазіргі жетекшісі аятолла Әли Хаменеи халқына жолдау жасады.
Аятолла Хаменеи жолдауының мәтіні төмендегідей:
Мейірімді де рақымды есімімен Алланың!
Иран халқы!
Сионист режим бүгін таңда өзінің лас, қанға шыланған қолымен біздің сүйікті елімізге қылмыс жасап, тұрғын үй орталықтарын бомбалау арқылы өзінің нас болмысын бұрынғыдан бетер әшкере етті. Бұл режим қатаң жазаны күтсін.
Алла қаласа, Иран ислам Республикасы қарулы күштерінің мықты қолы бұл режимді уысынан шығармайды.
Дұшпанның шабуылында бірнеше қолбасшы мен ғалымдар шәһид болды. Олардың орынбасарлары мен қызметтестері еш аялдамастан өздерінің міндеттерін орындауды жалғастырады.
Сионист режим осы қылмысымен өзіне ащы да қиын тағдыр дайындады. Оған олар міндетті түрде жетеді.
Сейед Әли Хаменеи.












