Мәскеуден Пхеньянға алғашқы тікелей рейс 27 шілде күні орындалады.
Еуразия Тудейдің РФ Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Мәскеу мен Пхеньян арасындағы алғашқы рейс 27 шілде күні ашылады. Рейс ұзақтығы шамамен сегіз сағатты құрайды. Болашақта тұрақты сұранысты қалыптастыру үшін рейстер айына бір рет орындалатын болады.
Федералды әуе көлігі агенттігі шілде айының басында Nordwind әуе компаниясына Солтүстік Кореяға ұшуға рұқсат берді.
Солтүстік Кореяның Air Koryo әуе компаниясы Владивосток пен Пхеньян арасында аптасына үш рет — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері тікелей рейстерді орындайды.
COVID-19 пандемиясына байланысты үзілген екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасы 2023 жылдың тамыз айында қайта қалпына келтірілді.
Алайда, жеке туристер үшін Пхеньянға билеттер сатылмайды. Билеттер тек ұйымдастырылған экскурсиялық тур аясында ғана қолжетімді.




















