Иран 2026 жылдың наурыз айының соңына дейін әрқайсысының қуаты 3 мегаватт болатын 1000 күн электр станциясын салуды жоспарлап отыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Иранның жаңартылатын энергия көздері және электр қуатын тиімді пайдалану ұйымының инженерлік-технологиялық бөлімінің басшысы Алиреза Парандемотлақ мәлімдеді.
IRIB хабар агенттігіндегі мәліметке сәйкес, Парандемотлақтың айтуы бойынша, бүкіл республика бойынша жүзеге асырылатын қуаты 3 мегаватт болатын мың күн электр стансасын салу жобасы Энергетика министрлігінің жаңартылатын энергия саласындағы даму үлгілерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта 850 электр станциясының құрылысы жүріп жатыр. Қалғандарының құрылысын бастау үшін тиісті шара қабылдануда.
Ол жобаны жеделдету үшін жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету қажеттігін, жобаға Ұлттық даму қоры қатысатынын хабарлады: «Әзірге қажет қаржы ресурстарының 10 пайызы қамтамасыз етіліп, панельдер мен конструкциялар сияқты жабдықтардың бір бөлігі елге әкелінді. Қаулыларға сәйкес, қалған қаржының 90 пайызын Ұлттық даму қорынан бөлу туралы шешім қабылданды», — деді.












