ЮНИСЕФ-тің аймақтық өкілі Газа секторының балалар зиратына айналғанын ескертті.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera арнасына сілтеме жасап хабарлауынша, Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) аймақтық өкілі Газа секторының апатты жағдайға тап болғанын айтып, Израиль режимінің Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуіне тосқауыл қоюын сынап, бұл сектордың жаһандық немқұрайдылық салдарынан балалар зиратына айналғанын ескертті.
Ол сұхбатын жалғастырып: «Газа секторындағы блокада мен оған гуманитарлық көмектің енгізілуіне шектеудің қойылуы аймақтағы өлім-жітімнің артуына себеп болып отыр», — деді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметкері Израильдің Газаға гуманитарлық көмек кіргізу туралы көптеген өтінішке қарсылық білдіргенін, қарсылықтың аймақтағы бүгінгі жағдайды қалыптастырғанын айтты.












