Жүзуден әлем чемпионаты 2026 жылы Silk Road-2026 Әзірбайжанда өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша мұндай шешім Халықаралық жүзу федерациясының Сингапурде өткен World Aquatics кезекті конгресінде қабылданды.
«Ұлы Жібек жолы» атты байқаулар сериясы Әзірбайжан, Өзбекстан және Қазақстанда ұйымдастырылады. Жарыстар 25 метрлік бассейнде өтеді.
Қазақстанның су спорты федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландиннің айтуынша, қазақстандық кезең 2025 жылы қазан айында Астанада өтеді.
Әзірбайжан кезеңінің өтетін күндері әлі белгісіз.












