Газаға қарсы соғыс басталған 22 айда осы сектор мен Иордан өзенінің батыс жағалауында және Иерусалимде 233 журналист пен БАҚ белсендісі қайтыс болды.
Еуразия Тудейдің Шаһаб агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл туралы ХАМАС саяси бюросының мүшесі Иззат әр-Ришқ жариялады.
ХАМАС саяси бюросының мүшесі Иззат әр-Ришқ дүние жүзіндегі 200 жетекші журналист пен тілшілер бастаған жаһандық «Хабар тарату бостандығы» бастамасын қолдап жариялаған мәлімдемеде: «Біз геноцид соғысы мен ашаршылықты еркін және тәуелсіз көрсету үшін Газа секторына шетелдік журналистердің дереу және цензурасыз кіруін талап ететін «Freedom to Report» бастамасын қолдаймыз.
Басқыншы режимнің шетелдік журналистердің елге кіруіне тосқауыл қою саясаты БАҚ еркіндігін әшкере бұзу және әлемдік қоғамдық пікірдің Газадағы қылмыстардың шындығынан хабардар болуына жол бермеу үшін жасалған қасақана әрекет. Бұл режимнің өз қылмыстары мен лаңкестік әрекеттерін әшкерелеуден қорқатынын көрсетеді»,-деп баса айтты.
Әл-Ришқ сондай-ақ: «Газаға қарсы соғыс басталғаннан бері өткен 22 айда Газа, Иордан өзенінің батыс жағалауы және Иерусалимде 233 журналист пен БАҚ белсендісі қаза болды. Бұл сионистік режимнің ақпарат құралдарына қарсы жалғасып жатқан қылмыстарының бір бөлігі.
Халықаралық қауымдастық Израильдің БАҚ-на қарсы қылмыстарын айыптап, қылмыс деп санау үшін шара қолдануы керек. Осы режимді геноцид, аштық және осы аймақтағы өмірдің жүйелі түрде жойылуы туралы шындықты әлемге жеткізу үшін Газаға халықаралық ақпарат құралдарының кіруіне рұқсат беруге мәжбүр етуі керек» деп қуаттады.












