Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани бүгін таңертең үш күндік сапармен Ирак пен Ливанға аттанды.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани осы қызметке тағайындалғаннан кейінгі алғашқы шетелдік сапарында Иракқа барады.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани Бағдадта Ирактың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Қасем Әл-Араджимен кездесіп, кеңеседі. Кездесу нәтижесінде Иран мен Ирак арасындағы екі жақты қауіпсіздік келісіміне қол қою осы сапардың ең маңызды мақсаты болып табылады.
Ол өзінің аймақтық сапарларына қатысты: «Бұл сапар екі бөлімнен тұрады, біріншісі — Ирак. Ирак — біздің дос ел. Біз олармен тығыз, салыстырмалы түрде жоғары деңгейдегі сауда қарым-қатынасына иеміз. Екі елдің ынтымақтастығы өте жақсы деңгейде. Соның бір мысалы “Арбағин” болып табылады. Бұл үшін Ирак үкіметінің “Арбағин” рәсімдері саласында зяиратшыларға жақсы ынтымақтастық көрсетіп отырғаны үшін алдын ала алғыс айтамыз.
Екінші бөлім Ливан сапарымен байланысты. Ливан — аймақтағы өте маңызды және Батыс Азиядағы ықпалды ел. Ливан халқымен ертеден бері қарым-қатынасымыз бар. Ливанға қатысты біздің ұстанымдарымыз анық. Біздің көзқарасымыз бойынша, ұлттық бірлік — сақталуы тиіс маңызды мәселе. Ливанның тәуелсіздігі біз үшін әрқашан маңызды. Екі ел арасындағы сауда қарым-қатынасын арттыру да маңызды мәселелердің бірі»,- деді.
Лариджани «Бұл сапарлардың қандай да бір жолдауы бар ма?» деген сұраққа да: «Жолдаулар бар. Оларды айтамын», — деді.
Айта кетейік, Иран президенті Масуд Пезешкиан тамыздың бесі күні Әли Лариджаниді Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы етіп тағайындады.












