Иранның Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Ғафур Каргари Қазақстанның бас қаласы Астанаға келді.
Еуразия Тудейдің Иран Ұлттық Паралимпиада комитетінің қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, осы елдің Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Ғафур Каргари Азия Паралимпиадалық комитетінің (АПК) Конференциясы және 8-Бас Ассамблеясының жұмысына қатысу үшін Қазақстанның елордасы Астанаға келді.
Осы екі отырыстың алдында бүгін таңертең Азия Паралимпиада комитетінің президенті Маджид Рашедтің төрағалығымен мүшелердің қатысуымен Азия Паралимпиада комитеті Атқарушы кеңесінің 38-ші отырысы басталды.
Осы кездесуге Азия Паралимпиада комитеті президентінің аға кеңесшісі ретінде доктор Каргари және APC медициналық комитетінің төрағасы ретінде доктор Джалил Куһпаезаде де қатысуда.
Азия Паралимпиадалық комитетінің (APC) конференциясы 11-14 тамыз күндері Қазақстанның елордасында «Жастардың мүмкіндіктерін кеңейту арқылы Азиялық Паралимпиадалық спортты қолдауды қалыптастыру» күн тәртібімен өтуде.
Оның бағдарламаларына Азиялық Паралимпиадалық кіші комитеттердің баяндамалары, спорттағы допинг тақырыбы бойынша лекциялар, халықаралық федерациялардың спорттық пәндерді дамыту бойынша лекциялар, Азия өңірлеріндегі жұмыс топтарының кездесулері кіреді.












