«Росатом» Тегеранмен Иранда шағын атом электр станцияларын салу мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізуде.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Ресей мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев мәлімдеді.
Лихачев «Россия 1» телеарнасының эфирінен: «Биылғы жылдың басында ирандық серіктестер күн тәртібін үлкен блоктардан кішіге, соның ішінде шағын модульдік реакторларға (NPP) дейін кеңейту туралы ұсыныс жасады. Осы тақырып бойынша келіссөз жүргізілуде. Ерте ме, кеш пе келісім жасалады деп үміттенемін», — деді.
Шағын атом электр станциялары, сондай-ақ SMRs деп те аталатын шағын модульдік реакторлар — шағын өлшемдері мен икемділігінің арқасында өздеріне көп назар аудартып отырған атом электр станцияларының жаңа буыны.
300 МВт-тан аз электр қуатымен бұл қондырғылар әсіресе энергия қажеттілігі төмен аймақтарға немесе шағын электр желілерін біріктіру үшін қолайлы.
Сарапшылардың пікірінше, Иранның SMRs саласына кіруі электр қуатын өндіру көздерін әртараптандыру, энергия қауіпсіздігін арттыру және қазба отындарына тәуелділікті азайту сияқты пайда әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, Бушер электр стансасын салуда тәжірибесі бар «Росатоммен» ынтымақтастық жобаларды жүзеге асыруды жеңілдете алады.












