Иран президенті Масуд Пезешкиан Беларусь президенті Александр Лукашенкомен келіссөз жүргізу үшін Тәуелсіздік сарайына келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Беларусь президентінің шақыруымен осы елге ресми сапармен келген Иран президенті Пезешкианды сарайда Беларусь Президенті Александр Лукашенко ресми түрде қарсы алды.
Тәуелсіздік сарайының ауласында құрметті қарауыл ротасының қатысуымен ресми қарсы алу рәсімі өтті. Сол жерде екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Содан кейін Александр Лукашенко мен Масуд Пезешкиан бірлескен суретке түсу үшін Салтанатты рәсімдер залына бет алды.
Айта кетейік, Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианның 19-20 тамыздағы Беларусь Республикасына ресми сапарын екі жақты қарым-қатынасты тереңдету мен екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтудегі маңызды кезең деп атады.














