Иран президенті Масуд Пезешкиан Иран мен Беларусь халықаралық аренада бір-бірін қолдайтынын айтып, оны өте құнды және маңызды деп бағалады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Пезешкиан бұл тураалы Беларусь президенті Александр Лукашенкомен Минскте кеңейтілген құрамда өткен келіссөзде айтты.
Масуд Пезешкиан: «Иран мен Беларусь халықаралық аренада бір-бірін қолдайды, бұл өте құнды және маңызды. Біз өзара сенім мен өзара құрмет негізінде ынтымақтасамыз. Иран Ислам Республикасы Батыстың заңсыз санкцияларын бейтараптандыру үшін Беларусь Республикасымен ынтымақтастыққа дайын», — деді.
Иран президенті экономикалық қарым-қатынас деңгейі әлі де Минск пен Теһран арасындағы сенім деңгейіне сай емес деп санайды: «Біз барлық келісімді жүзеге асыра алатын деңгейге жетуіміз керек” деп баса айтты.
Масуд Пезешкиан сонымен қатар сұхбат барысында Александр Лукашенконы Беларусьтің БРИКС серіктес-елі мәртебесін алуымен құттықтады.














