БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Израильдің Газа секторындағы бағытын өзгерту қажеттігін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Израильдің соғыс қимылдарын тоқтатуын талап еткен мәлімдеме жасады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері бірлескен мәлімдемеде Израильден Газа секторындағы әскери операцияларын одан әрі кеңейтуді тоқтатуды талап етті. Бұл мәлімдемеге Америка Құрама Штаттары қол қойған жоқ.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше 14 мемлекет мәлімдемеде Газа секторындағы ашаршылықты “адам қолымен жасалған дағдарыс” деп атап, аштықты соғыс қаруы ретінде пайдалануға халықаралық құқық тұрғысынан тыйым салынғанын, оны дереу тоқтату керектігін ескертті.
Қауіпсіздік кеңесі Газа секторында шұғыл түрде тұрақты атысты тоқтатуға және аймақтағы кепілге алынғандарды босатуға шақырып, Израильден Газа секторына көмек жеткізуге қойылған барлық шектеуді жылдам және шартсыз жоюды талап етті.




















