Иранның атқарушы вице-президенті Мохаммад Джафар Қаем Панаһ Чабаһар теміржолының жақын арада халықаралық көлік дәлізіне қосылатынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Мохаммад Джафар Қаем Панаһ ел Үкіметі Чабаһар теміржол жобасын аяқтап, оны елдің теміржол желісіне қосу үшін шындап жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Қаем Панаһтың айтуынша, бұл теміржол жақын арада халықаралық көлік дәлізіне қосылады.
Иранның атқарушы вице-президенті Чабаһардағы Солтүстік-Оңтүстік дәлізіне сапары барысында ИРНА агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Чабаһар теміржол жобасының стратегиялық маңыздылығына тоқталып, бұл бағытты елдің теміржол желісіне қосу халықаралық дәліздің құрылуына жол ашатынын мәлімдеді.
Қаем Панаһ бұл бағыт негізгі тауарларды Чабаһар портынан елдің солтүстігіне, одан Кавказға, Ресей мен Еуропаға тасымалдап, Иранның аймақтық және жаһандық саудадағы рөлін күшейтетінін айтты.



















