Ирандық компаниялар ұзындығы 657 км болатын Герат–Мазари Шариф теміржолының құрылысын бастайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, тиісті келісім Ауғанстан, Иран және Түркия арасында жасалды. Аталмыш жоба Таяу Шығыс пен Орталық Азияны Қытаймен байланыстыратын ең қысқа құрлықтық бағыт ретінде қарастырылатын “Бесжақты теміржол дәлізінің” бір бөлігі болып табылады.
Дәліздің дамуы Азиядағы құрлықтық көлік бағыттарының халықаралық сауда мен транзиттегі негізгі тірек ретіндегі рөлінің қайта жанданып жатқанын көрсетеді.
Айта кетейік, Герат-Мазари Шариф теміржолы “Бесжақты теміржол дәлізі” жобасының бір бөлігі болып табылады.
Жоба Қытайды, Қырғызстанды, Тәжікстанды, Ауғанстанды және Иранды 2100 шақырымдық жолмен байланыстырып, Түркия арқылы Еуропаға жол ашады.
Бұл бағыт Шығыс Азия, Таяу Шығыс және Еуропалық Одақ арасындағы ең қысқа құрлық жолы саналады. Талибан қозғалысы билікке келгеннен кейін Ауғанстан теміржол жобаларына қайта көңіл бөле бастады.


















