Жапониядағы бір қонақ үй Израильдің Газа секторындағы соғыстағы қылмыстарына байланысты басып алынған Палестинадан келген туристерді қабылдаудан бас тартты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Жапонияның жергілікті БАҚ Нагано префектурасындағы бір қонақ үй Израиль әскерилерінің Палестина халқына қарсы әрекеттеріне наразылық білдіріп, Израильдің туристік бір агенттігіне бөлме брондаудан бас тартқанын жазды.
Жапонияның Yomiuri Shimbun газетіндегі мәліметке сәйкес, сәрсенбі күні осы қонақ үйдің әкімшілігі Израильдің туристік агенттігімен келіссөзде Палестина халқына қарсы жасалған әрекеттерге наразылық үшін оларға қызмет көрсетуге әзір емес екендіктерін бүкпесіз мәлімдеді. Бұл әрекет Жапониядағы Израиль елшілігінің қатаң наразылығына ұшырады. Елшілік 21 қазанда Нагаво жергілікті үкіметіне нота жолдап, осы істі тексеруді сұрады.
Жапониядағы қонақ үйлердің Газа секторындағы соғысқа наразылық білдіріп, басып алынған Палестина тұрғындарына шектеу қойып отырғаны мұнымен бірінші рет емес.
Мұның алдында да Киотода израильдік бір туристен қонақ үйге қабылдау үшін әскери қызмет атқарған кезде соғыс қылмысын жасамағаны туралы қолхатты растап, қол қоюды талап етілген.
Айта кетейік, Израильдің Газа секторындағы 2023 жылы қазан айында басталған шабуылдарында осы уақытқа дейін 70-тен астам адам қайтыс болды. Олардың көпшілігін балалар мен әйелдер құрады.
Сондай-ақ, статистикаға сәйкес, Газа секторында 171 000-нан астам адам жарақат алып, Газа инфрақұрылымының үлкен бөлігі қирандыға айналды.
Көптеген адам құқықтарының топтары Израильдің әрекеттерін геноцид және соғыс қылмыстары деп атады.
















