“Иран Ислам Республикасының теміржолдары” компаниясының өкілі биыл халықаралық теміржол жүк тасымалының көлемі бес миллион тоннадан асып, жаңа рекорд орнатқанын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, “Иран Ислам Республикасының теміржолдары” компаниясының халықаралық сауда мәселелер жөніндегі бас директоры Шаһрияр Нақизаде бес миллион тонналық меже 2026 жылдың 24 ақпанында еңсерілгенін мәлімдеді.
Нақизаде бұл көрсеткіштің өткен жылмен салыстырғанда ертерек орындалғанын, былтыр мұндай көлемге тек жыл соңына қарай қол жеткізілген айтты.
Нақизаденің айтуы бойынша, халықаралық теміржол тасымалына санкциялар мен саяси қысымның едәуір әсер еткеніне қарамастан, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеті пайызға өскен. Накизаде: “Иранды транзиттік бағыт ретінде пайдаланатын елдер АҚШ пен Еуропалық Одақ тарапынан салынған санкцияларға тап болып отыр. Бұл логистика мен қаржылық операцияларды қиындатады. Соған қарамастан, теміржол дипломатиясының кеңеюі мен жедел үйлестіру жұмыстары бұл қиындықтарды еңсеруге көмектесті”,- деді.
Ол Қытай-Еуропа теміржол дәлізі бойындағы теміржол қатынасы туралы алтыжақты келісімді, сондай-ақ шығыс тармағында Ресей мен Түркіменстан, ал батыс тармағында Әзербайжан қатысатын Солтүстік-Оңтүстік халықаралық транзиттік дәлізі аясындағы үшжақты келісімдер мен Иран, Пәкістан және Түркия арасындағы теміржол қатынасы туралы үшжақты келісімге тоқталып өтті.
Оның айтуынша, бұл келісімдер негізгі аймақтық дәліздер арқылы транзит көлемін арттыруға ықпал етіп, Иранның Азия мен Еуропаны байланыстыратын құрлық көпірі ретіндегі позициясын нығайтты.


















