Гана Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялап, осы елдің Теһрандағы елшілігінің қайта ашылатынын хабарлады.
Еуразия Тудейдің Ghana Times газетіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Гана Сыртқы істер министрлігі елдің Теһрандағы елшілігі сейсенбі, 2025 жылдың 16 қыркүйек күні қайта ашылатынын мәлім етті.
Осы жылдың маусым айының 13 күні сионистік режимнің Иранға басып кіруіне байланысты елшілік уақытша жабылған болатын.
Осыған байланысты Гана Сыртқы істер министрлігі таратқан жариялаған мәліметте елшіліктің жабылуы оның қызметкерлерін қорғау мақсатында жасалып, енді Ирандағы қауіпсіздік жағдайының жақсаруынан кейін елшілік қызметінің қайта ашылуы үшін мүмкіндік қалыптасқаны айтылды.
Министрліктің мәлімдемесінде Сыртқы істер министрлігі елшілікте жұмыс істейтін қызметкерлер мен Ирандағы Гана диаспорасының қауіпсіздігіне қатер төндірмеу үшін қазіргі жағдайды бақылауды жалғастыратыны айтылған.












