ХАМАС-тың жоғары басшыларының бірі арағайын елдерге палестиналық тұтқындардың тізімі берілгенін айтты.
Еуразия Тудейдің Palestine Today ақпарат сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша ХАМАС исламдық қарсыласу қозғалысының шәһидтер мен тұтқындар кеңсесінің басшысы Заһер Джабарин бұл қозғалыс атысты тоқтату келісімі аясында белгіленген критерийлерге сәйкес және Газа халқына қарсы сионистік режим басқыншылығының аяқталуына байланысты арағайын елдерге палестиналық тұтқындардың тізімін бергенін мәлімдеді.
Ол ХАМАС қазір аты-жөндеріне қатысты келісімнің нақтылануын күтіп отырғанын, үйлесімділік жұмыстары мен тиісті кезең аяқталған соң ресми тізімді тұтқындар ісі бойынша арнайы ақпарат кеңсесі арқылы хабарлайтындарын айтты.
Джабарин: “ХАМАС исламдық қарсыласу қозғалысы тұтқындар мен олардың күрескер отбасыларына қатысты міндеттемелеріне табанды әрі палестиналық барлық тұтқынды босатуды өзінің басты басымдылықтарының қатарына қойды. ХАМАС палестиналық соңғы тұтқын азат болғанша күрес пен осы істі қадағалауды жалғастырады. Олардың отбасыларының қиындықтары мен жанкештіліктері алдында үнсіз қалмайды”, — деді.












