Ресей Федерациясы БҰҰ санкцияларының қаупіне қарамастан Иранмен ынтымақтастықты жалғастырады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Мәскеу мен Тегеран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2231 қарарының аяқталуына және Батыс елдерінің Иранға қарсы санкциялық қысымды қалпына келтіру әрекетіне қарамастан, негізгі салалардағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.
Бұл туралы Ресейдің Иран Ислам Республикасындағы елшісі Алексей Дедов мәлімдеді.
Алексей Дедов: “Барлық қолданыстағы, соның ішінде ядролық, энергетикалық және көлік салаларындағы жобалар белсенді жүзеге асыру кезеңінде. Біз ирандық достарымызбен сол серіктестікте жұмыс істеуді жалғастыратынымызға сенімдімін”, — деді.
Елшінің айтуынша, Иранның ядролық мәселесіне қатысты “Ортақ қадам” жан-жақты бағдарламасы бойынша бекіткен 2231 қарарының он жылдық мерзімінің аяқталуы құжатта көзделген барлық шектеудің күшін жоюды білдіреді.
Алексей Дедов: “БҰҰ-ның ресми сайтында жарияланған Иранға қатысты бұрыннан келе жатқан санкциялық қарарлардың қалпына келтірілгені туралы ақпаратты шындыққа сай емес деп санаймыз”, — деді.
















