Бельгия полициясы Еуропа Одағы сыртқы саясатының бұрынғы басшысы Федерика Могериниді алаяқтық айыбымен ұстады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Бельгия полициясы Брюссельде Могериниді сыбайлас жемқорлық, алаяқтық ісі бойынша тергеу үшін ұстады.
Бельгияның Brussels Times газеті кеше сейсенбі күні Бельгия полициясы үш күдіктіні, соның ішінде Могериниді Брюссельдегі Еуропа Одағы сыртқы әрекет қызметінің штаб-пәтері (EEAS) мен Брюгтегі Еуропа колледжінің кампусын тексергеннен кейін ұстағанын жазды.
Бұл операция жас дипломаттарға арналған Еуропалық Одақ қаржыландыратын оқыту бағдарламасына қатысты ықтималды алаяқтықты тергеудің бір бөлігі болып табылады.
Айта кетейік, Еуропа Одағы сыртқы саясатының бұрынғы басшысы Федерика Могеринидің құрықталуы Брюссельдегі сыбайлас жемқорлық ісі ғана емес, сонымен қатар Иранның «Ортақ қадам жан-жақты бағдарламасындағы» еуропалық міндеттемелердің көп жыл бойғы кепілі саналған тұлғаларға сенудің стратегиялық қателігін еске салады.
Могерини бұрын Иранды айлар бойы INSTEX сынды уәделермен ұстап, бүгін өзі алаяқтық, жемқорлық айыбымен бетпе-бет келіп отыр.
Айта кетейік, италиялық саясаткер Федерика Могерини 2014 жылдың 1 қарашасынан 2019 жылдың 30 қарашасына дейін Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі қызметін атқарды. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Бельгияда Еуропа колледжінің ректоры болды.












