Арабстан Барлау ұйымының бұрынғы басшысы шаһзада Торки әл-Фейсал аймақ тұрақтылығы үшін ең үлкен қатердің Иран емес, Израиль екенін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Арабстан Барлау ұйымының бұрынғы басшысы әрі осы елдің бұрынғы дипломаты шаһзада Торки әл-Фейсал сионистік режимнің Ливан мен Газа және Сирияға қайта-қайта шабуылдауына тоқталып: «Аймақ тұрақтылығы үшін ең үлкен қатер Иран емес, Израиль саналады», — деді.
Торки әл-Фейсал Милкен институының Таяу Шығыс және Африка елдері жайлы жиналасында сөйлеген сөзінде: «Израиль шынымен мәселе тудырушы. Америка оны тізгіндеуі керек. Израиль Сирияны шамамен күнделікті, Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналықтарды бомбалауды жалғастыру арқылы, сонымен қатар ол жерде атысты тоқтату бітімі орнатылуы керек болған Ливанды бомбалауымен біздің аймақтаы бейбітшілікті сүйіншілей алмайды», — деді.
Ол сөзін жалғастырып: «Дохада Газада атысты тоқтату туралы ұсыныстар жобасын қарастырып жатқан ХАМАС-тың келісімгерлеріне жасалған шабуыл (Парсы) Шығанақ Ынтымақтастығы кеңесі өзін қорғау үшін одақтасуы керек екендігін көрсеткен ескерту белгі болды», — деді.
Торки әл-Фейсал «Арабстан да өзінің ядролық арсеналына көңіл аударуы керек пе?» деген сауалға: «Бұл — Арабстан оны байсалды түрде қарастыруы қажет нұсқа.
Қазір аймақта ядролық қаруға ие — Израиль. Ешкім Израиль туралы айтпайды. Дегенмен аймақтың жаппай қырып-жоятын қарулардан ада болғаны дұрыс», — деді.
«Таяу Шығыс лаңкестік топтарға қатысты маңызды кезеңнен өтті ме?» деген сауалға Торки бұл салада оптимист емес екенін баса айтты.
Фейсал Торки Палестина мәселесі мен әлемнің Израильдің әрекеттерімен күрестегі жеңілісі экстремистік жаңа қозғалыстардың пайда болуына себеп болуы мүмкін екенін ескертті.















