Батыс Иерусалимдегі Айн-әл-Карим ауылында орналасқан ғибадатханаға фанаттық көзқарастағы еврей қоныстанушылары нәсілшілдік шабуыл жасады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Палестина әкімшілігіне қарасты Иерусалим губернаторлығы мәлімдеді.
Мәліметке сәйкес, оқиға түнде болған. Еврей қоныстанушылары қасиетті мекеннің қабырғалары мен маңайда тұрған автокөліктерге иврит тілінде “кек алу” және “Израиль патшасы Дәуіт тірі” деген сияқты нәсілшілдік ұрандар жазып кеткен.
Мәлімдемеде бұл оқиғаның Иерусалимдегі фанат еврейлер тарапынан мұсылман және христианның діни нысандарына қарсы жасалып жатқан арандатушылық әрекеттерінің бірі екені айтылған. Мұндай іс-әрекеттер қаланың тарихи және діни болмысын мәжбүрлі түрде өзгерту әрекеті ретінде бағалануда.
Израиль полициясы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады.
Еврей фанаттары христиан және мұсылмандардың діни мекендеріне үнемі нәсілшілдік шабуылдар жасайды.



















