Израиль сарапшысы Алон Бен-Давид Ормұз бұғазында пайда болған экономикалық қаруды тіпті соғыстың басталуына себеп болған ядролық қарудан да қауіпті санайды.
Израильдің медиа және қауіпсіздік саласындағы көпжылдық тәжірибесімен танымал сарапшы Алон Бен-Давид жақында соғыс барысына қатысты маңызды талдау ұсынды. Израильдің әскери және барлау құрылымдарымен тығыз байланыста жұмыс істейтін қорғаныс саласының тілшісі ретінде ол «13-арнада» көптеген бағдарлама мен деректі фильмдер дайындаған. Сондықтан оның пайымдаулары әдетте осы құзырлы органдардың деректері мен бағалауларына негізделген деп қабылданады.
Бұл талдаудың маңызды тұсы мынада: ол Ормұз бұғазында көрініс тапқан экономикалық қаруды соғыс бастауға сылтау болған ядролық қарудан да қауіпті деп есептейді. Бұл, өз кезегінде, АҚШ пен Израильдің соғысты бастау арқылы стратегиялық қателік жібергенін білдіреді.














