Пәкістан астанасы Исламабадтағы Иранның келісімгер тобының құрамы 80-нен астам адамнан тұрады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бірнеше сағат бұрын Мұхаммад Бақер Қалибаф бастаған Иранның келісімгер тобы Пәкістанның Исламабад қаласына келді.
Бұл делегацияның құрамында келісімгер тобының басшысы Мұхаммад Бақер Қалибаф, Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи, Иранның Пәкістандағы елшісі Реза Амири Моқаддам, Қорғаныс кеңесінің хатшысы Әли Акбар Ахмадиан, Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшылығының сыртқы саясат жөніндегі орынбасары Әли Бақери Кани, Орталық банк төрағасы Абдулнасыр Һеммати, Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Ғарибабади, Сыртқы істер министрінің орынбасары Маджид Тахт Раванчи, Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Аболфазл Амуи және Мәжілістің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясы төрағасының орынбасары Махмуд Набавиан бар.
Негізгі келіссөз жүргізушілерден бөлек, келіссөздердің жоғары деңгейдегі маңыздылығына байланысты қажет кеңес беру үшін экономикалық, қауіпсіздік және саяси салалар бойынша техникалық және мамандандырылған комитеттердің 26 мүшесі де осы делегация құрамында келді.
Сондай-ақ, келіссөздер тобына түрлі БАҚ-нан 23 медиа өкіл ілесіп барған.
Делегацияның қалған бөлігін хаттама және үйлестіру топтары, аудармашылар мен күзет қызметі құрайды.
Сонымен қатар, Қалибаф бұл командадан бөлек, өзіне ілесіп жүргендердің қатарында «Минабтың шейіт оқушыларын» да атап өтті.
Қалибаф атысты тоқтату басталмас бұрын Ливанға шабуылдар тоқтатылуы керектігін, сондай-ақ Иранның бұғатталған қаражаты босатылуы тиіс екенін баса айтып, сонда ғана түстен кейін атысты тоқтату мәселесін талқылайтынын мәлімдеді.
Сонымен қатар, Қалибаф америкалықтардың бұрынғы құраммен жиынға қатысуына қарсылық білдіріп, нәтижесінде делегация құрамы өзгертілді. Бұл жағдай АҚШ-тың кейбір лауазымды тұлғаларының наразылығын тудырды.












