Иран аймақтағы бес елден Америка-Израиль соғысына қатысқаны үшін өтемақы төлеуді ресми түрде талап етті.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Иран Ислам Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Иравани: «Біз Америка мен Израильдің Иранға қарсы соғысына қатысқан аймақтағы бес елден — Бахрейн, Сауд Арабиясы, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері және Иорданиядан өтемақы талап етеміз», — деп мәлімдеді.
Оның айтуы бойынша бұл бес ел өздерінің халықаралық заңсыз әрекеттері арқылы Иран Ислам Республикасына қатысты халықаралық міндеттемелерін бұзды. Осылайша, олардың халықаралық жауапкершілігі расталды. Олар Иран Ислам Республикасына келтірілген барлық шығынды толығымен өтеуі тиіс. Бұған олардың халықаралық құқыққа қайшы әрекеттерінен туындаған материалдық және моральдық барлық шығын үшін өтемақы төлеу де кіреді.
Айта кетейік, Иранның талабы бойынша, бұл бес ел жуырдағы соғыс барысында бейтараптық сақтамады, агрессор елдер (АҚШ пен Израильге плацдарм ұсынды, Иранның қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әскери коалицияға қолдау көрсетті.
Сондықтан Иран бұл әрекеттерді халықаралық заңсыз әрекет» деп атап, соның салдарынан келген материалдық және моральдық шығындарды өтеуді талап етіп отыр.














