Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесіп, Исламабадта өткен Иран мен Америка келіссөзі туралы хабардар етті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи кеше, 13 сәуір күні ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен телефон арқылы сұхбаттасты.
Аббас Арақчи сұхбат барысында 11 сәуір күні Пәкістан астанасы Исламабадта өткен маңызды келіссөздің мән-жайын баяндады.
Сергей Лавров қарулы қақтығыстың қайта өршуіне жол бермеудің маңыздылығына тоқталды. Ол Ресейдің бұл дағдарысты шешуге көмектесуге дайын екенін тағы растап, мәселені күшпен шешу мүмкін еместігін айтты.
Ресей мәселені соғыспен емес, келіссөз арқылы шешуге тырысуды дұрыс деп санайтынын және аймақтағы шиеленісті біржола тоқтатып, тыныштық орнататын тиімді жолдарды іздеуді толық қолдайтынын білдірді.
Айта кетейік, Исламабадта 11 сәуір күні Пәкістанның араағайындық етуімен Иран мен Америка Құрама Штаттарының арасында келіссөз өтті. Вашингтон мен Тегеран арасындағы бірнеше сағатқа созылған бұл кездесу ешқандай келісімге қол жеткізілместен аяқталды.


















