Әзербайжан Республикасының Ирандағы елшілігі 12 сәуірден бастап жұмысын қайта бастады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі мәлім етті.
Ведомствоның мәліметі бойынша, бастапқы кезеңде елшілік елші, дипломатиялық және әкімшілік қызметкерлердің шектеулі санымен жұмыс істейтін болады.
Қауіпсіздік мәселелері мен ұйымдастырушылық аспектілерді ескере отырып, елшіліктің қызметін кезең-кезеңімен реттеу жоспарлануда.
Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыс Иранда әскери іс-қимылдар мен екі аптаға атысты тоқтату туралы бітім орнатылғаннан кейін қалпына келді.
Әзербайжан тарапы осы шешімі арқылы Иранмен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенін ресми түрде растап отыр.
Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі бұл бастаманы аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың маңызды бөлігі ретінде қарастырады.


















