Хакан Фидан Израильдің жаусыз өмір сүре алмайтынын, енді Түркияны өзінің жаңа қарсыласы ретінде жариялауы мүмкін екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Америка Құрама Штаттары мен Иранның бітімгершілік қажеттілігін түсінетінін және екі тараптың да оған қол жеткізуге шын мәнінде мүдделі екенін айтты.
Түркия Сыртқы істер министрінің айтуы бойынша, Америка Құрама Штаттары мен Иран өзара келісімге келсе, 45 күннен 60 күнге дейінгі мерзімге жаңа бітім орнатылуы мүмкін.
Фидан Ормұз бұғазындағы жағдайға тоқталып: «Бүкіл әлем халықаралық тасымалдың еркін әрі кедергісіз болғанын қалайды», -деді.
Оның айтуынша, Түркия бұғазды бейбіт жолмен ашу қажет және халықаралық қауымдастықтың қарулы бітімгершілік күштерінің араласуы көптеген мәселеге әкелуі мүмкін деп санайды.
Хакан Фидан Израильдің Сириядағы әрекеттеріне қатысты: «Ирандағы қазіргі соғысқа байланысты Израиль Сирияға қарсы белсенді әскери қимыл жүргізіп отырған жоқ. Алайда, бұл болашақта мұндай араласу болмайды дегенді білдірмейді. Ыңғайлы сәт туғанда, Израиль әрекетке көшуді көздейді», -деді.
Фидан Израильдің жаусыз өмір сүре алмайтынын баса айтты. Оның пікірінше, Биньямин Нетаньяху Түркияны Израильдің жаңа қарсыласы деп жариялауға ұмтылып отыр.















