The Washington Post газеті Иранның әлі де айтарлықтай зымырандық мүмкіндігі бар екенін хабарлады.
The Washington Post газеті АҚШ ресми тұлғаларының «Иранның зымырандық қуаты жойылды» деген мәлімдемелеріне қарамастан, бұл елдің әлі де айтарлықтай зымырандық әлеуетке ие екенін хабарлады.
The Washington Post өз дереккөздеріне сілтеме жасап, Ақ үйге ұсынылған барлау мәліметтерінің сараптамасына сүйеніп, мынадай қорытынды жасады: «Ақ үй өкілдерінің айтқандарына қарамастан, Иран әлі де үлкен зымырандық әлеуетін сақтап қалған».
Сондай-ақ, баяндамада сараптама нәтижелері бойынша Иранның санкцияларға кем дегенде тағы үш-төрт ай бойы төтеп бере алатыны айтылған.
Айта кетейік, The Washington Post басылымы америкалық басшылардың сөзіне сілтеме жасап, Иран қақтығыс кезінде баллистикалық зымыран қорлының шамамен 70%-ын, жылжымалы ұшыру қондырғыларының 75%-ын сақтап қала алғанын жазды.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи The Washington Post (WP) басылымының Иранның зымырандық әлеуетін бағалау туралы жазбасына берген түсініктемеде: «Иранның қазіргі зымырандарының саны АҚШ пен Израиль Тегеранға қарсы әскери науқанын бастаған 28 ақпандағыдан да көп», — деді.












