Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің Бас директоры Рафаэль Гроссинің Қазақстанға сапармен келеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ресми өкілі Ерлан Жетібаев брифингте мәлімдеді.
Осы мәліметке сәйкес, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гроссидің Қазақстан сапары 2026 жылғы 25-27 мамыр аралығында жүзеге асады.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі кездесу, 2026-2036 жылдарға арналған агенттікпен ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі Жол картасына және ғылым мен ядролық медицина салаларындағы ынтымақтастық туралы өзге де құжаттарға қол қою жоспарланған.
Еске салайық, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев 2025 жылғы 3 желтоқсанда Венаға сапары аясында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Бас директоры Рафаэль Гроссимен кездесу өткізді.
Р.Гросси атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстанның маңызды үлесін және АЭС салу жоспарлары мен ядролық медицинаны дамытудан Өскемен қаласындағы АЭХА төмен байытылған уран банкінің табысты қызметіне дейінгі бастамаларын айрықша атап өтті. Ол АЭС салу жобасын іске асырудың барлық кезеңдерінде Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдіріп, ынтымақтастықтың басқа да негізгі бағыттарын қамтитын өзара іс-қимыл жөніндегі жол картасын әзірлеуді және қол қоюды ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен АЭХА көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге өзара мүдделілік пен дайындықты растады.












