Иранның банктік қызмет көрсету жүйесін істен шығару мақсатында кибер шабуыл жасалды.
Иранның Ұлттық киберқолбасшылығы банктік карта қызметтеріндегі іркілістер туралы мәлімдемесінде мақсатты кибершабуылдар жасалғанын хабарлады.
Иран Киберқолбасшылық орталығында жүргізілген техникалық бақылау мен талдау нәтижесінде бірқатар банктің, соның ішінде Мәлли, Садерат және Теджарат банктерінің карталық жүйелеріндегі ретсіздіктің инфрақұрылымға жасалған мақсатты кибершабуылдан болғаны анықталды.
Алдын ала бағалау бойынша, бұл шабуыл банктік қызмет көрсету жүйесін істен шығару мақсатында жасалған.
Шабуыл анықтала салысымен банк желілері мен транзакцияларды өңдеу жүйелерінде шұғыл қорғаныс және қауіпсіздік шаралары іске қосылды.
Осыған байланысты ықтимал заңсыз әрекеттердің алдын алу, сондай-ақ клиенттердің деректері мен қаражаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карталық қызметтердің бір бөлігі уақытша бұғатталды.
Киберқауіпсіздік бойынша мамандандырылған топтар, инфрақұрылым сарапшылары мен қауіпсіздік орталықтары жүйелерді үздіксіз қадағалап, шабуылдың салдарын жоюмен айналысып жатыр. Қызметтерді жоғары қауіпсіздік деңгейінде толық қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Иранның ұлттық киберқолбасшылығы азаматтарын сабырға шақырып, халықтың банктік деректері мен қаражаттарының қауіпсіздігі басты басымдық екенін мәлімдеді.
Киберкеңістіктегі кез келген зиянды әрекет жіті қадағаланып, оған қарсы іс-қимылдар мен кәсіби тексерістер жүргізіледі.
Құрметті азаматтардан қосымша жаңалықтар мен ресми мәлімдемелерді тек сенімді әрі ресми ақпарат көздерінен ғана алу сұралды.












