Токио өзінің ұлттық валютасының құнын сақтау мақсатында Американың облигацияларын көп мөлшерде ауционға шығарды.
Соңғы деректер Жапонияның ұлттық валютасы иеннің құны қырық жылдағы ең төменгі деңгейіне жеткенін көрсетті.
Жапония АҚШ облигацияларына 1,2 триллион доллардан астам инвестиция салғанымен ұлттық валютасын қорғау үшін біраз уақыттан бері АҚШ қарыз нарығына қысым жасап келеді.
2022 жылдан биылғы жылдың мамыр айына дейін АҚШтың 200 миллиард долларлық облигацияларын сатты.
Жапония ұлттық валютасының құны Жапонияның АҚШ-пен пайыздық мөлшерлемелерінің айтарлықтай айырмашылығына байланысты төмендеді.
Bloomberg деректері Жапония ұлттық валютасының құнын қорғау үшін 75,6 миллиард долларлық шетелдік активтерін сатуға көшкенін көрсетеді.















