Мысыр құрамасының бас бапкері Хессам Хассан Әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алғаннан кейінгі командасының жеңісін Палестина халқына арнады.
Еуразия Тудей хабарлағандай, Хессам Хассан Мысыр Аустралияны пенальти сериясында жеңгеннен кейін өз командасының келесі кезеңге өтуін Палестина халқына тарту етті.
Хассан стадионның микс-аумағында «beIN Sports» тілшісіне берген сұхбатында былай деді: «Мен Палестина халқына Мысыр ұлттық құрамасына көрсеткен қолдауы мен жанкүйерлігі үшін алғыс айтқым келеді. Мен осы жеңісіміз бен келесі кезеңге шығуымызды соларға арнаймын. Палестина халқының шегіп жатқан барлық зардабы мен қиындықтарына қарамастан, олардың біздің табысымызға қуанғанына куә болдық. Жаратқаннан оларға жеңіс нәсіп етуді және шәһидтерін Өз рақымына алуын тілейміз».
Хассан матч аяқталғаннан кейін де Палестина туын көтеріп, жеңісті тойлады.
Айта кетейік, Мысыр құрамасы Аустралияны жеңіп, 1934 жылдан бері алғаш рет Әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Олар бұл кезеңде Аргентина және Кабо-Верде матчының жеңімпазымен кездеседі.













