Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бақыр Қалибаф АҚШ-тың келісімді бұзған жағдайларын тізіп, «қоқан-лоқы көрсету дәуірі аяқталғанын» қуаттады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Қалибаф АҚШ-тың өзара түсіністік туралы меморандумды бұзған жағдайларын санамалап: «Қоқан-лоқы мен бопсалау дәуірі аяқталды, бұл әрекеттеріңіз еш нәтиже бермейді. Біз алған бетімізден қайтатын немесе артқа шегінетін халық емеспіз», — деп жазды.
Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бақыр Қалибаф Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында ағылшын тілінде мынадай жазба жариялады:
АҚШ-тың 14 тармақтан тұратын келісімді бұзған ең негізгі жағдайлары:
- Ормұз бұғазындағы Иранның тәртібі мен шараларын бұзуы;
- Кезекті әскери шабуылдармен тұрақты түрде қоқан-лоқы көрсетуі;
- Иранның оңтүстік аймақтарына шабуыл жасауы;
- Мұнай санкцияларын қайта енгізуі;
- Сионистік режимнің Ливанға қарсы агрессиясының жалғасуы.
Еске салайық, 2026 жылғы 17 маусымда АҚШ пен Иран арасында атысты тоқтату туралы Исламабад меморандумына екі елдің мемлекет басшылары қашықтан қол қойды. Құжат Ливанды қоса алғанда, барлық майдандағы әскери қақтығысты тоқтату мақсатында жасалды.
Құжатқа қол қойылғаннан кейін 20 күннен аз уақыт өткен соң АҚШ өзара түсіністік туралы меморандумның шарттарын бұзды.















