Америка қоғамы аңғал және жеңілтек қалыпта сақталған.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Consortium News басылымының Таяу Шығыс мәселелері бойынша сарапшысы мәлімдеді.
Ол Мэгги Хаберман мен Джонатан Сванның «Режимді өзгерту» кітабына сілтеме жасап, америкалық бір серіктесінен Дональд Трамп сияқты адамның АҚШ-да әлі күнге дейін қалайша дауыс жинай алатынын сұрады. Серіктес тарихи әрі алаңдатарлық жауап берді: «Америкалықтар азамат соғысынан кейін тарихтың сынағын оның алапат дауылдарының соғысымен сезінген емес. Сол себепті қатерлі деңгейде аңғал және жеңілтек қоғам қалпында қалды», — деді.
Consortium News басылымының сарапшысы осынау тарихи алшақтықты Американың сыртқы саясатындағы көптеген шешімдерді түсінудің кілті санайды. Ол осы тарихи аңғалдық америкалықтарды бағытталған нұсқалардың, соның ішінде Израильдің мүддесіне сай нұсқалар алдында қатты әлсіз ететінін айтып: “Сионистік ықпалды желілер мен Израильдің жақтастары осы тарихи бостықты пайдаланып, қоғамдық пікір мен америкалық саясаткерлерді Тегеранға қарсы қастандық саясаттарын қолдауға дайындап, тәуелділікке түсірген”,- деді.
Consortium News басылымының сарапшысы бұл үдерісті минималистік геосаясат үшін жетістік санайды. Дәл осы бағыт Тахте Жамшид, Моулана мен Хафиз поэзиясы немесе Исфаһан сәулеті сынды жауһарларымен 2500 жылдық өркениетке ие Иранды түсінудің орнына бар болғаны ескі үш қағидамен шектеледі: зұлымдықты көрсететін хиджаб, орта ғасырдағы фанатизмді таңатын сақал, санкция мен шабуылды ақтау үшін қажет бомба.
Оның айтуы бойынша, бір мемлекеттің шындығын түсіну үшін мүлдем пайдасыз осы жеңіл әрі көтеріп жүруге жарайтын «үштік» 93 миллион сан алуан ирандықтың қауіп-қатер ретінде жойылуына себеп болмақ.
Хамед Хаджи Хейдари












