Иранмен қақтығыста жараланған америкалық әскери қызметкершілердің саны 500-ден асты.
Associated Press агенттігінің хабарлауы бойынша бұл көрсеткіш Пентагон таратқан ресми мәліметтен әлдеқайда көп.
Associated Press агенттігінің дерегінше, бұған дейін АҚШ Қорғаныс министрлігінің ресми базасында 482 жараланған әскери тіркелген. Ал 6 шілдедегі есепте зардап шеккендер саны 413 адам деп көрсетілген. Associated Press агенттігі дереккөзінің айтуы бойынша, бұл сәйкессіздік ақпаратты әдейі жасырудан емес, шығындарды есепке алу жүйесіндегі деректердің кеш жаңартылуынан туындаған.
Мұның алдында The Washington Post басылымы соқтығыста кемінде 18 америкалық әскеридің қаза тапқанын, ал жараланғандар санының азаймай отырғанын хабарлаған болатын.
Ал The New York Times басылымы Пентагонның жеке құрам арасындағы шығынды бірден жариялай бермейтінін жазды. Соның салдарынан жараланғандар туралы ресми мәлімет майдандағы нақты жағдайдан едәуір өзгеше болуы мүмкін. Сонымен қатар, Пентагонның баспасөз хатшысы Шон Парнелл кеше соңғы екі аптада АҚШ-ның Иранға қарсы әскери операцияларынан 100-ге жуық америкалық сарбаздың әртүрлі деңгейде жарақат алғанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта қаза тапқан АҚШ әскери қызметшілерінің жалпы саны 18 адамға жетті. Америкалық әскери сарапшылардың пайымдауынша, бұл созылмалы қақтығыс АҚШ Қарулы күштерінің жеке құрамын шығынға ұшыратып қана қоймай, әскери ресурстарды сарқып, жоғары дәлдіктегі қару-жарақ қорын үздіксіз толықтыруды талап етіп отыр.















