Associated Press агенттігі аймақтағы екі жауапты тұлғаның сөзіне сілтеме жасап, Иран мен Оман келісімгерлері Ормұз бұғазын қайта ашу туралы келісім жобасын аяқтағанын хабарлады.
Associated Press агенттігі бүгін, сәрсенбі күні аймақтағы екі жауапты тұлғаның сөзіне сілтеме жасап, Иран мен Оман келіссөз жүргізушілері Ормұз бұғазын қайта ашу туралы келісім жобасын пысықтап, енді Иранның жоғары лауазымды тұлғаларының түпкілікті бекітуін күтіп отырғанын хабарлады.
Аталған БАҚ-тың мәліметінше, келіссөз барысынан хабардар дереккөздері бұл ықтималды келісімді кемелердің Ормұз бұғазы арқылы өтуіне қатысты АҚШ пен Иран арасындағы келіспеушілікті уақытша шешу жолы ретінде сипаттады.
Олар бұл келісімнің маусым айында АҚШ пен Иран арасында қақтығысты аяқтау және Ормұз бұғазын ашу мақсатында қол жеткізілген, бірақ кейін жүзеге аспай қалған өзара түсіністік меморандумымен байланысты екенін айтты.
Аталған адамдар бұл ықтимал келісім Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша түпкілікті мәмілеге қол жеткізу үшін АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерді қайта жандандыруға жол ашады деп мәлімдеді.
Осы мәлімдемелер АҚШ-тың барлық халықаралық құқық нормаларына қайшы келетін Иран аумағына жасаған екі жолғы бұрынғы агрессиясы Тегеран мен Вашингтон арасындағы жанама келіссөздер жүріп жатқан тұста орын алғанына және АҚШ-тың ешқашан келіссөздерді мақсат етпейтінін әлемге дәлелдегеніне қарамастан жасалып отыр.












