Иран Ислам Кеңесінің Мәжіліс төрағасы Қалибаф Иран “Исламабад меморандумында” аталған шарттар орындалмайынша Ормұз бұғазын ашпайтынын баса айтты.
Еуразия Тудей ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мохаммад Бақыр Қалибаф Ислам кеңесі мәжілісінің 180-ші ашық отырысында сөйлеген Иран “Исламабад меморандумында” аталған шарттар орындалмайынша, соның ішінде теңіз қоршауын жою, бұғатталған активтерді босату, мұнай санкцияларын алып тастау, сондай-ақ, қоқан-лоққы мен әскери операциялар тоқтатылмайынша Ормұз бұғазын ашпайтынын баса айтты.
Қалибаф ағымдағы оқиғалар мен “Исламабад меморандумына” тоқталып, былай деді: «Күрес майданының, дипломатия мен әскери саланың синергиясы, сондай-ақ халықтың қолдауы мен Жоғарғы көшбасшының нұсқаулары арқылы Иран халқының ұлылығы мен үлкен жеңісі АҚШ-тың құқықтық және саяси саладағы жеңілісінің құжатына — «Исламабад өзара түсіністік меморандумына» айналды.
Бұған дейін болжағанымыздай, соғысты аяқтау туралы меморандумды амалсыздан қабылдаған жау ауыр саяси жеңілісінің орнын толтыру үшін өз міндеттемелерінен тез арада бас тартты».
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы “Исламабад меморандумының” ережелеріне тоқталып: «Қоршау ашылмайынша, бұғатталған активтер, мұнай санкциялары алынбайынша, қоқан-лоқы мен барлық майданда әскери операциялар тоқтатылмайынша, меморандумның басқа да шарттары орындалмайынша Ормұз бұғазы ашылмайды.
Меморандум аясында теңіз қоршауын жою мен атысты тоқтату нәтижесінде пайда болған мүмкіндік Иранның экономикалық төзімділігін арттыруға және қорғаныс қабілетін қалпына келтіруге септігін тигізді», — деді.
Қалибаф Ислам Республикасы Иран жаудың іс-әрекеттеріне соққы беруге дайын екеніне тоқталып: «Иран Ислам Республикасы дұшпанның әрекеттері мен сұғанақтығына тең түрде оны бұрынғыдан бетер ауыр жеңіліске ұшыратуға дайын», — деп сөзін аяқтады.












