Қатар СІМ Тегеран басшыларымен Ормұз бұғазының кеме қатынасының еркіндігі мәселесін талқылайды.
Еуразия Тудей ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша Қатар Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Маджид әл-Ансари ел Премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі аймақтағы шиеленісті бәсеңдету және диалогқа жол ашу мәселелерін талқылау үшін Тегеранға сапармен баратынын хабарлады.
Қатар СІМ ресми өкілі Маджид әл-Ансари Қатар Премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі Мохаммед бен Әбдел Рахманның шиеленісті бәсеңдету жолдарын қарастыру және диалогқа жағдай жасау мақсатында бүгін, тамыздың 27 күні Тегеранға баратынын мәлімдеді.
Ол Ормұз бұғазындағы кеме қатынасының еркіндігі Премьер-министрдің Тегерандағы келіссөздерінің басты тақырыптарының бірі болатынын баса айтты.
Катар Сыртқы істер министрлігінің өкілі Премьер-министрдің Тегеранға сапары Қатардың «дипломатия — өңірлік қауіпсіздікті нығайтудың жалғыз жолы» деген ұстанымын тағы растайтынын қуаттады.
Әл-Ансари сөзінің соңында Премьер-министрдің Ормұз бұғазындағы кеме қатынасын 28 ақпанға дейінгі жағдайға қайтару қажеттілігін де талқылайтынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Тегеран мен аймақ елдері және Батыс арасындағы келіссөздерде Ұатар бейтарап әрі ықпалды дәнекер рөлін атқарады.
1. Сенімді дипломатиялық көпір
Катар — АҚШ-пен де, Иранмен де тығыз әрі жақсы қарым-қатынасты сақтап отырған аймақтағы сирек ойыншылардың бірі. Соның арқасында Доха тараптар арасында жасырын немесе тікелей емес хабарламаларды жеткізуші басты хаб қызметін атқарады.
2. Өңірлік қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылық
Қатардың басты байлығы — сұйытылған табиғи газ. Экспорттың басым бөлігі Ормұз бұғазы арқылы өтеді. Бұғаздағы қандай да бір әскери шиеленіс немесе кеме қатынасының бұзылуы Доханың экономикасына тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан Доха өзінің ұлттық мүддесі үшін кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жан-жақты тырысады.
3. Шиеленісті бәсеңдету және компромисс іздеу
Доха бұрыннан келе жатқан дағдарыстарда нәтижелі медиатор ретінде көрінді. Сапардың басты мақсаты — тараптарды әскери эскалациядан сақтап, мәселелерді дипломатиялық үстелде шешуге сендіру.
Доха бұл жерде жай ғана қонақ емес, өңірлік соғыс тәуекелін азайтуға жан-жақты мүдделі және тараптардың екеуі де сенім артатын негізгі саяси бітімгер.












