АҚШ Иран зымырандарынан қорқып, Парсы шығанағынан мың шақырым қашықтыққа шегінді.
Үшінші соғыстың басында Иранның оңтүстігіне шабуыл жасау туралы мәлімдеген АҚШ армиясы қазір Иран зымырандарынан сескеніп, Ормұз бұғазы мен Парсы шығанағынан мың шақырым қашықтыққа шегінді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының саяси басқармасының бастығы Сардар Ядоллаһ Джавани Бандар-Аббастың діни қызметкерлерімен кездесуінде Иранның Ормұз бұғазындағы айбыны туралы ақпарат таратудың маңыздылығына тоқталыып: «Ормұз бұғазындағы айбын бағытында қоғамға көбірек ақпарат беріліп, оның қыр-сыры кеңінен түсіндірілуі тиіс.
Һормозган өңірінің жауынгерлері мен тұрғындарының Һормоз шайқасындағы жетістіктері өте жарқын әрі назар аударарлық. Бұл жетістіктер жұртшылыққа түсіндірілуі керек.
Үшінші таңылған соғыстың басында Иранның оңтүстігіне шабуыл жасаймыз деп мәлімдеген АҚШ армиясы қазір Иран зымырандарынан қорқып, Ормұз бұғазы мен Парсы шығанағынан мың километр қашықтыққа шегінді», — деді.
Джавани АҚШ-пен және сионистік режиммен тікелей соғыстың нәтижелеріне назар аудару қажеттігін айтып: «Ормұз бұғазындағы айбынның маңызын жарқын көрсеткіш ретінде түсіндіру, сондай-ақ АҚШ-пен және сионистік режиммен тікелей соғыстағы басқа да ұлттық жетістіктерді сипаттау — баса назар аударуды қажет ететін екі маңызды мәселе», — деді.
Ол бұл жетістіктер туралы нақты ақпарат беру және оларды түсіндіру қоғамның Ислам Республикасының әлеуеті мен қуаты туралы түсінігін нығайтуда маңызды рөл атқара алатынын айтты.















