АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Иранмен соғысты тоқтатудың шартын атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Ормұз бұғазы арқылы кеме қозғалысы әлі де Тегеранның бақылауында жүзеге асып жатқан кезде АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Иранмен соғысты тоқтату үшін шарт қойды.
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс бүгін сәрсенбі күні Reuters агенттігіне берген сұхбатында соғысты тоқтату үшін Иран өзінің ядролық әлеуетін айтарлықтай қысқартуы қажет деген уәж айтты.
«Dawn» басылымы Вэнстің «Reuters» агенттігіне берген сұхбатына сілтеме жасап хабарлағанындай, АҚШ ядролық бағдарламаның ықтимал болашақ қысқартылуы туралы тек сенімді уәделерді ғана емес, сонымен қатар нақты қадамдарды талап етеді.
Вэнс сұхбатында Иранның уран байытуын тоқтату мәселесін аса маңызды талап деп атап, Тегеран өз міндеттемесін көрсету үшін уран байыту көлемін шектеуі қажет екенін айтты.
Вашингтон мен Израиль режимі Иранға қарсы 12 күнге созылған соғыс кезінде Иранның ядролық нысандарын жойғанын, Тегеранның бұдан былай өзінің ядролық әлеуетін қалпына келтіре алмайтынын мәлімдеген еді.
АҚШ пен Израиль Ирандағы билікті құлату және елді бөлшектеу мақсатында 40 күндік соғысты да бастады. Алайда көп ұзамай Ормұз бұғазының жабылуына байланысты дағдарысқа тап болып, содан бері әлемдегі осы стратегиялық маңызды су жолындағы жағдайды бұрынғы қалпына келтіруге ұмтылып келеді. Бірақ Иранның қарулы күштері бұған жол бермей отыр.
Иранның ядролық нысандары көп жыл бойы Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі инспекторларының қатаң әрі ауқымды бақылауы мен тексеруінде болды. Осы жылдар ішінде Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасынан қандай да бір ауытқу болғаны туралы ешқашан хабарланған жоқ.












