Рейтер агенттігі Рияд әуежайы мен Арамко нысандарына жасалған шабуылдардың Сауд Арабиясының көршілес ел тарапынан төнетін қатерлер алдында осал екенін айқын көрсеткенін жазды.
Осы мәліметке сәйкес бұл жағдай елдің Сауд Арабиясының экономикасын әртараптандырып, мұнайға тәуелділікті азайтуға тырысып жатқан кезеңінде оның халықаралық инвестиция үшін қауіпсіз мекен ретіндегі беделіне нұқсан келтіргенін мәлімдеді.
Рейтер сарапшылардың пікіріне сүйене отырып, Парсы шығанағы аймағындағы АҚШ-тың басты одақтастарының бірі қазір бетпе-бет келіп отырған бұл жағдай жылдар бойы қалыптасқанын хабарлады.
Сарапшылардың айтуынша, Иран Йемендегі «Ансаралла» қозғалысына заманауи қару-жарақ өндіру мен қолдануда өзін-өзі қамтамасыз етуге жақын мүмкіндіктерге қол жеткізуге көмектескен. Бұл үдеріс әскери және өнеркәсіптік жергілікті әлеуеттің қалыптасуына ұластырды, тіпті тікелей жабдықтау жолдарында кедергілер пайда болғанның өзінде оны оңай жою мүмкін емес.
Сондай-ақ, Рейтердің хабарында «Ансаралла» тарапынан қару-жарақ өндіру әлеуетінің дамуымен қатар, аймақтағы АҚШ одақтастарының өздерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне түсетін қысымның арта түскені атап көрсетілген.
Сауд Арабиясы бастаған коалицияның хуситтерге қарсы өкілі Турки әл-Мәликидің бейсенбі күнгі мәлімдеуінше, биылғы жылдың қазан айының басынан бері Эр-Риядтағы «Король Халид» атындағы халықаралық әуежайға хуситтердің жасаған 20 шабуылы салдарынан 17 адам қаза тауып, 330-дан астам адам жараланған.















