Әзербайжан 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Ираннан 14,47 млн долларға табиғи газ сатып алды.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, өткен жылдың осы кезеңінде Әзербайжанға Ираннан газ импортталмаған, ал негізгі жеткізушілер Ресей мен Түрікменстан болған.
Әзербайжан Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында Баку Иранға 175,237 млн текше метр табиғи газ жеткізген. Экспорттың жалпы құны 11,8 млн долларды құрады.
Ал Ираннан Әзербайжанға кері бағытта 215,022 млн текше метр газ жеткізіліп, оның құны 14,47 млн долларға бағаланды. Комитеттің дерегінше, 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында екі ел арасындағы табиғи газ экспорты мен импорты тіркелмеген. Осылайша, 2026 жылдың сегіз айында Иран Әзербайжанға газ жеткізген жалғыз импорттаушы ел болды.
Бұған дейін Иран Ислам Республикасының Мұнай министрлігі елдің газ инфрақұрылымы своп және алмасу операциялары саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ Әзербайжанның өзге мемлекеттермен жасасқан своп келісімдері аясында газ транзитін жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеген болатын.












