АҚШ алдағы 2027 қаржы жылын 404 миллиард долларлық тапшылықпен бастайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігінің есебінде айтылды.
АҚШ Қаржы министрлігінің соңғы деректері бойынша, қазан айында елдің бюджет тапшылығы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42 пайызға артып, 420 миллиард долларға жетті.
Бұл көрсеткіш мемлекеттік кірістің 369 миллиард долларға дейін төмендеуі және шығындардың 773 миллиард долларға жетіп, бұрын-соңды болмаған рекорд орнатуы аясында қалыптасты.
Шығындардың күрт өсімі негізінен ауыл шаруашылығына берілетін субсидиялар мен ауқымды әскери шығындарға байланысты болды. Бұған өткен жылы үкімет жұмысының уақытша тоқтап қалуына байланысты төленбей қалған берешектер, операциялық шығындар, техникалық қызмет көрсету, жабдықтар сатып алу, сондай-ақ федералдық қарыз пайызының 115 миллиард долларға дейін ұлғаюы кіреді.
Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер біршама төмендеді. Бұл құлдырау әсіресе кедендік баждар мен жеке тұлғалардың жанама салықтары саласында айқын байқалды. АҚШ Қаржы министрлігі күнтізбелік түзетулер енгізілгеннен кейін бюджет тапшылығы 285 миллиард долларды құрағанын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 49 пайыздық өсімді білдіретінін мәлімдеді.


















