Eurasiatoday
Воскресенье, 22 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Нағыз қаһармандар өлгеннен кейін де жаулары олардан қорқады

  • Батыс Азия, Сарапшы пікірі, Саясат
  • 24 февраля, 2025 20:03

Loading

Нағыз қаһармандар өлгеннен кейін де жаулары олардан қорқады, өйткені батырлар жауынгерлердің жаңа ұрпағын өздерінің үлгісімен шабыттандырады.

Сарапшы Сергей Кожемякин бұл сөзді «Хезболла» қозғалысының жетекшісі Сейед Хасан Насроллаға қатысты толық айтуға болады дейді.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Израиль зұлымдықпен өлтірген ол кеше, 23 ақпанда жерленді.

Тақырыпқа орай:

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026

Хасан Насралланың өмір жолы жауынгер, зиялы, Ливан мен бүкіл қарсыласу қозғалысының мүддесіне арналды.

Жеміс саудагерінің кедей отбасында дүниеге келген, он баланың тоғызыншысы ол бала кезінен сол кездегі Ливандағы өмірдің барлық жамандығы мен әділетсіздігін бастан кешірді.

Америка Құрама Штаттары мен Израиль әртүрлі халықтар мен діндердің өкілдері өмір сүретін бірегей мәдени дәстүрі бар бұл құтты өлкеде алауыздық тудыруға бар күшін салды.

Дұшпандықты қасақана қоздыру арқылы олар қарсыласудың азғантай түрін де жойып, Ливанды егемендігінен айыруды көздеді. 1975 жылы бұл ұзақ мерзімді азамат соғысына әкелді.

Сейд Хасан Насралланың отбасы Израиль мен оның сенімді өкілдері үшін белсенді аймаққа айналған Ливанның оңтүстігіндегі туған жері Джабаль-Амел аймағынан кетуге мәжбүр болды. Алайда, сынақтар оның сағын сындырмады, керісінше, жас жігіттің мінезін шыңдай түсті.

Ол зайырлы және діни оқу орындарында ыждаһатпен білім алып, әділетсіздіктің себебін түсініп, онымен күресудің жолын табуға тырысады. Нәтижесінде Насролла шиіттік «Амал» қозғалысына, ал Хезболла құрылғаннан кейін жаңа ұйымның қатарына қосылды.

Оның батылдығы мен оның кейінгі қызметінің маңыздылығын дұрыс түсіну үшін сол кезде Ливанда не болғанын елестету керек. Азамат соғысының тұтануына қанағаттанбаған империалистік күштер айқын агрессияға көшті.

1982 жылы Израиль қанды лаңкестік әрекет жасап, Ливанға басып кірді. Босқындар қосындары «Сабра» мен Шатилада» бейбіт тұрғындарды жан түршігерлік түрде қырды. Мұндай қылмыстардың саны жүзден асты.

Шиіттер қауымы да соққыға ұшырады. Осындай жағдайда басқыншыларға қарсылық көрсету үшін Хизболла қозғалысы құрылды. 1992 жылы Аббас әл-Мусавиді Израиль өлтіргеннен кейін ұйымның басшысы Хасан Насралла болды.

Ол қауіп-қатерге кешенді жауап беру ғана тиімді болатынын түсінді. «Хезболла» Израиль мен АҚШ-қа қарсы тұрумен қатар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуммен де айналысты.

Ливан қоғамында теңсіздік орын алды. Әсіресе шиіт қауымы ең үлкен қиындықтарды бастан кешірді. Мұның терең тарихи себептері болды. 1918 жылға дейін Ливанды билеген Осман империясы сүннит мұсылмандарына басымдылық берсе, кейін келген француз отаршылдары христиандарды, әсіресе марониттерді жақтады.

Хизболланың қызметі шиіттер қоныстанған аудандардың жан-жақты дамуына ықпал етті. Мұнда мектептер мен ауруханалар салынып, әлеуметтік қолдау жүйесі жақсартылды. Мұндай игілікті өзге этноконфессия өкілдері де пайдалана алды. Сейед Хасан Насролла атап өткендей, Ислам — тек дін ғана емес, қоғамды өзгерту және әділетсіздікпен күресу құралы.

Израиль мен батыстық үгітшілердің жалған сөздеріне қарамастан, Хезболла ешқашан басқа діни қауымдарға қарсы шыққан жоқ. Керісінше, ол христиандармен және друздармен сенімді қарым-қатынас орнатты. Нәтижесінде бұл азамат соғысырның аяқталуы мен саяси күштер арасында азды-көпті тепе-теңдік орнатуға ықпал етті.

Хезболла Ливанның оңтүстігін Израиль әскерінен азат ету қозғалысын басқарды. 2000 жылы сионистік басқыншылар өз күштерін шығаруға мәжбүр болды. 2006 жылғы израильдік шабуыл да дәл осындай масқарамен аяқталды. Хезболла өзінің табандылығы мен принципшілдігінің арқасында барлық прогрессивті күштің құрметіне ие болды.

Ливан мен басқа елдердің тұрғындары арасында Хезболлаға қолдау неғұрлым көп болған сайын Израиль мен АҚШ-тың билеуші ​​элитасына жеккөрініш соғұрлым күшейе түседі.

Олар қозғалысты санкциялармен тұншықтырып, оны Ливанның басқа партияларына қарсы қоюға тырысты. Бұл айла-шарғылар сәтсіз аяқталды. Хезболла егемендік күштерінің өзегіне айналды. Оның берік ұстанымының көрсеткіші өткен парламенттік сайлауда ең көп дауыс жинауы болды.

Хезболла Сириядағы шетелден қолдау тапқан лаңкестік күштермен де күреске белсенді түрде атсалысты. Қозғалыс жауынгерлері жандарын аямай ДАИШ, Джебхат ан-Нусрат және басқа да экстремистік топтардың ілгерілеуін тоқтатты.

Бірақ Ливан мен бүкіл Батыс Азиядағы бейбітшілік пен тыныштық империалисттер үшін тиімсіз болды. Олар өздерінің пасық мақсаттарына жету үшін аймақты бейберекетсіздікке батыруды ұйғарды. Газа секторы жантүршігерлік геноцидтің құрбаны болды. Содан кейін соққы жою күштерінің жолында тұрғандардың барлығына: Ливанға, Сирияға, Йеменге жасалды. Қанішерлердің құрбандары Сейед Хасан Насралла бастаған «Хезболла» басшылығы болды.

Одан кейін бір топ саясаткер мен ақпарат құралдары «Хезболла әлсіз және Израильге қарсы тұра алмайды» деп айқайлай бастады. Бұл мүлдем өтірік. Біріншіден, адал шайқас пен тасадан тиген пасық соққыларды салыстыруға болмайды. Сионистердің әрекеттері дәл сондай болды.

Екіншіден, Израильдің артында бүкіл Батыс әлемі тұрды. Олар басқыншылардың қолдарын босатып, қару-жарақпен қамтамасыз етіп, қылмыстарының жазасынан қорғайды. Заңсыздықты үнсіз бақылап отырған араб және мұсылман мемлекеттерінің көпшілігі басшыларының ұстанымы да олардың жасқаншақтығын көрсетті.

Үшіншіден, қарсыласу қозғалысы жойылған жоқ. «Хезболла» соншалықты әлсіреген болса, Израиль Ливанның оңтүстігін басып алу жоспарын оңай орындап, атысты тоқтатуға және әскерлерін шығаруға келіспейтін еді. Дұшпандар «Хезболладан» қорқады, өйткені оның артында көп адам тұрғанын біледі.  Бұл – Сейед Хасан Насролланың еңбегі. Ол мыңдаған күрескерді тәрбиелеп, тіпті өлгеннен кейін де залымдармен күреседі.

Сергей Кожемякин

FacebookTwitterWhatsApp
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Сақшылар корпусы Бас қолбасшының географиялық шектеусіз бұйрығын орындауға толық дайын

Сақшылар корпусы Бас қолбасшының географиялық шектеусіз бұйрығын орындауға толық дайын

20.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
ҰҚШҰ  — БҰҰ-ның лаңкестікпен күрестегі маңызды стратегиялық серіктесі

ҰҚШҰ  — БҰҰ-ның лаңкестікпен күрестегі маңызды стратегиялық серіктесі

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026

Басты жаңалықтар

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026
Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

20.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Адылбек Қасымалиев: Қазақстан — Қырғызстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі

Адылбек Қасымалиев: Қазақстан - Қырғызстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.