Йемендегі «Ансарулла» қозғалысының жетекшісі Әл-Хуси Американың Иранда масқара жеңіліске ұшырағанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Йемендегі «Ансарулла» қозғалысының жетекшісі Әл-Хуси Америка Құрама Штаттарының Иран Ислам Республикасына бағытталған шабуылдары ауқымды әрі шиеленісті болғанымен толығымен жеңіліске ұшырағаны, қылмыстық топтардың тас-талқаны шыққанын айтты.
Ол сонымен қатар: “Газадағы «Бейбітшілік кеңесі» іс жүзінде «Трамп кеңесінен» басқа ештеңе емес. Бұл — үстемдік, зорлық-зомбылық, халықтың байлығы мен мүдделерін иемденуді көздейтін кеңес. Бұл кеңес ең алдымен, АҚШ пен Израильдің мүдделеріне қызмет етеді, ал өзгелерді тек өз мақсаттарына жету жолындағы құрал ретінде ғана көреді”, — деді.
Әл-Хусидің мәлімдемелері Иран мен Газа төңірегіндегі аймақтық шиеленістер күшейген, дипломатиялық бастамалар нақты шешім тетіктері емес, геосаяси қысым элементтері ретінде қабылданумен тұспа-тұс айтылды.
.















