Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бағери Теһраннан Дохаға аттанды.
Еуразия Тудейдің ИИР СІМ сілтеме жасап хабаарлауы бойынша Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бағери Катардың жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, сөйлесу үшін бүгін, маусымның 19 күні Теһраннан Катар астанасы Дохаға бірнеше сағаттық сапармен аттанды.
Газадағы сионистік режимнің қылмыстары мен геноцидті тоқтату үшін ислам әлемінің мүмкіндіктерін жұмылдыру, Газа тұрғындарына жедел көмек көрсету жөнінде Катар билігімен кеңесіп, пікір алмасу Бағеридің Дохаға сапарындағы басты мақсаты болып табылады.












